Қазақстандықтар қысқы Олимпиадада Элизабет Тұрсынбаеваға ерекше үміт артып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар қысқы Олимпиадада Элизабет Тұрсынбаеваға ерекше үміт артып отыр

16.02.2016
Қазақстандықтар қысқы Олимпиадада Элизабет Тұрсынбаеваға ерекше үміт артып отыр

16 жастағы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыз осы спорт түрінен аздаған үзілістерден кейін өте жақсы нәтиже көрсетті. Ол жапониялық Юна Ширавеге небәрі 1 ұпайға жол беріп, екінші орынға тұрақтады.

Осыған дейінгі Гран-При байқауының кезеңдері мен өзге де жарыстардағы оның өнерін тамашалай отырып, қазақстандық спортшының еркін қимылда өзін жақсы сезінетіндігін байқауға болады. Аталған кезеңде спортшының жанкүйерлеріспортшы қысқа бағдарламада көрсеткен нәтижелерінен де жоғары көрсеткішке қол қол жеткізеді деген үмітте.    

Айта кетйік, «Kazsport» телеарнасы 12-21 ақпан аралығында Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің қысқы Олимпиада ойындарын көрсетеді. Бұл бәсекеде әлемнің түкпір-түкпірінен келген дарынды жастар 16 спорт түрінен 70 медаль жиынтықтары үшін өзара тартысқа түсетін болады.  

Қазақстан атынан онда еліміздің 8 өңірінен 20 спортшы өнер көрсетеді.         

Мұнда жасына қарамастан әлемнің үздік 20 мәнерлеп сырғанаушысының қатарына кіретін Элизабет Тұрсынбаева артылатын үміттің зор екендігін айта кету керек. 

«Kazsport» телеарнасы барлық көрермендеріне ең әдемі спорт түрлерінің бәсекесін тамашалауға және  қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаеваны қолдауға шақырады. 

Хабарламаларға жазылу