Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты фестиваль өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты фестиваль өтеді

16.02.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты фестиваль өтеді

Аталмыш шара ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда халыққа заманауи мәдени қызмет көрсету шараларын жақсарту, жұмыс сапасын арттыру, халық шығармашылығын дамыту, мәдениет үйлері мен клубтар жанынан құрылған көркемөнерпаз ұжымдарына және ауылдағы жас таланттарға қолдау көрсетіп, олардың іс-тәжірибелерін насихаттау мақсатында өткізіледі, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2016 жылдың 10-25 наурыз аралығында өткізілетін фестивальға облысымыздағы аудан, қаладан үздік деп танылған бір ауылдық мәдениет үйі немесе клубы қатысады деп күтілуде. Ал аудандық деңгейдегі іріктеу 22-27 ақпан күндері өтеді.

Әрбір ауданға облыс орталығынан барған әділ қазылар ақласының мүшелеріне ақтық сын кезінде ауылдық мәдениет үйі немесе клубта қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесі ұйымдастырылып, ауылдың өнерлі таланттары мен көркемөнерпаз ұжымдарының концерттік бағдарламасы ұсынылады.

Концертте халық шығармашылығының жанрлары - ән, би, күй, айтыс, көркемсөз оқу, жыр-терме, цирк, сатира, хор, оркестр, вокалды-аспаптар мен отбасылық ансамбльдер, фольклорлы-этнографиялық топтар, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа арналған көріністер мен театрландырылған қойылымдар  көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу