Құрық айлағындағы паром кешенінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр - ҚТЖ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрық айлағындағы паром кешенінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр - ҚТЖ

15.02.2016
Құрық айлағындағы паром кешенінің құрылысы кестеге сай жүріп жатыр - ҚТЖ

А. Мамин барлығы 15 шақырымдық уақытша пайдалануға берілген Боржақты-Ерсай жаңа  темір жол желісінің қызмет барысын қарап көрді.    Өткен жылғы маусымның 15-інде пайдалануға берілген желіде Құрық портына дейін  қозғалыс басталып, ол Каспий теңізі жағалауында паром кешені құрылысына дейін жеткізілген.

Ерсай станциясынан Құрық портына дейін темір жол тартылады. Қазіргі кезде онда темір жолдың үстіңгі қабатына қажетті құрылыс материалдары дайындалуда. Ерсай станциясы темір жолының кіре берісіне 120 мың текше метр топырақ қабаты төселді.

Оның сыртында, жолдың жоғарғы қабатына қажетті материалдар жеткізілуде. Толқынды қайтаруға арналған топырақ төсемі жасалуда. Гидротехникалық имараттар жасауға қажетті топырақ қабаты сырылып, үш миллион текше метр топырақ сыртқа шығарылды.

Жылына 4 миллион тонна жүк өткізу әлеуеті бар паром кешені арқылы астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар тасымалданады. Сонымен қатар, Каспий аймағындағы көршілес мемлекеттерден келетін жүктер де тасылады.

Паром кешені құрылысын аяқтау мен оны Боржақты-Ерсай жаңа темір жол желісімен қосу басты және сусымалы жүктерді мультимодальдық тасымалдау арқылы еліміздегі транзиттік жүк ағынын еселеп арттырады.

Құрық портының паром кешенінің бірінші кезеңі 2016 жылғы желтоқсанда  пайдалануға беріледі, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу