«АвтоВАЗ» жұмыс күндерін қысқартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«АвтоВАЗ» жұмыс күндерін қысқартты

15.02.2016
«АвтоВАЗ» жұмыс күндерін қысқартты

Ресейдің жеңіл көліктер шығаратын ең ірі кәсіпорыны «АвтоВАЗ» дүйсенбіден бастап аптасына 4 күндік жұмыс тәртібіне көшеді, деп хабарлайды Ресейдің ТАСС агенттігі.

«Жұмыс жүргізудің жаңа тәртібі 2016 жылдың 15-ақпанынан бастап енгізіледі және ол 6 айға созылады»,-деді автоконцерннің баспасөз қызметі. 

«АвтоВАЗ-дың» 4 күндік жұмыс тәртібіне көшетіндігі жөніндегі бұйрыққа 2016 жылдың желтоқсанында қол қойылған. Ресейдің ТАСС агенттігіне сұхбат берген берген кәсіпорынның кәсіподық ұйымының төрағасы Сергей Зайцевтің айтуынша, мұдай жұмыс режимі кәсіпорында 6 айдан көп емес уақытқа белгіленеді. «Жаңа тәртіп одан әрі созылуы мүмкін бе, деген мәселеге жауап беру әзірге ерте. Алдағы уақытта жағдайдың қалай болатынын ешқандай да сарапшы дөп басып айтып бере алмайды»,-деді ол.

Төрткүндік жұмыс тәртібі енгізілген соң жұмысшылардың айлық жалақылары шамамен 20 пайызға кемиді. Алайда, мұндай шара жұмыс орындарын сақтап қалуға ықпал етеді. «Оның үстіне қысқартылған жұмыс режиміне көшу кезінде қызметкерлерді жаппай қысқартуға жол  беруге болмайды»,-дейді С.Зайцев.  

Хабарламаларға жазылу