Бұл туралы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингіні» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
«Бәйтерек» холдингінің «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – Ұлттық чемпиондар» бағдарламасына қатысаты «Alageum Electric» компаниясы 2016 жылы Иранға құны 2 млн доллар болатын трансформаторлар экспорттайды. Бұдан басқа, компания Niroo Тransfo ирандық компаниясымен бірлесіп, Қазақстан аумағында трансформаторлық май өндіру зауытын салу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізді.
Келісімдердің барлығын «Бәйтерек» холдингі Тегеранда ұйымдастырған қазақстандық-ирандық форум барысында жасады.
«Тегеранда бизнес-форум алаңдарында өткізілген келіссөздер нәтижесінде біздің «ұлттық чемпион» - «Alageum Electric» компаниясы Иранға трансформатор экспортын реттеуді жоспарлап отыр. Тауар жылына осындай өнімнің 10 мың бірлігін шығаратын Орал трансформатор зауытынан жеткізіледі. «Alageum Electric» ирандық әріптестерімен 2016 жылға арналған алғашқы келісімшартты 2 млн. долларға жасайды. Бұдан басқа, Шымкентте трансформаторлық май өндіретін бірлескен зауытты құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Осы күнге дейін ол Ресейден сатып алынып келген», - деді жұма күні Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры, Басқарма мүшесі Ерсайын Хамитов.
Бұған дейін хабарланғандай, форум және Іскерлік кеңес жұмысына 200-ден астам қазақстандық компания, ирандық тараптан 700-ден астам компания өкілдері қатысты.