Астанада ерекше қуыршақтар көрмесі өтуде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ерекше қуыршақтар көрмесі өтуде (ВИДЕО)

12.02.2016
Астанада ерекше қуыршақтар көрмесі өтуде (ВИДЕО)

Қазіргі кезде жақсы әрі сапалы ойыншықтар қымбатқа бағаланады. Тіпті, құрастырылғанына ұзақ жыл толған  ойыншықтар жаңа көліктің құнымен тең келеді екен. Әлемдегі ең қымбат ойыншық туралы білесіз бе?

Ол – «Құс ұстаушы» деген атпен белгілі. Қуыршақ 2340 жылтыр болат бөлшектерден құрастырылған. Салмағы – 55  келі, ұзындығы – 120 сантиметр. Шебердің 15 мың сағаты осы туындыны жасауға кеткен.

Астанадағы қуыршақтар көрмесіндегі туындылар арнайы Ресейден әкелінген. Мұнда бірнеше автордың қиялынан туған жобалар бар. 190-нан астам коллекциялық қуыршақтардың жасалу технологиясы да күрделі.

«Негізгі мақсатымыз – елорда жұртшылығына осындай әдемілік, сиқырлық, ертегі сыйлау. Бұл Астанада алғаш рет болып жатқан шара. Келесі көрме Алматы, Атырау, Ақтау  қалаларында өтеді. Ал. Жыл соңында Шанхай және Гонконг қалаларында ұйымдастырылмақ»,-дейді ұйымдастырушы Дана Нұржұма.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

 

Хабарламаларға жазылу