Венесуэлада аргентиналық футболистер мінген автобус аударылып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Венесуэлада аргентиналық футболистер мінген автобус аударылып қалды

11.02.2016
Венесуэлада аргентиналық футболистер мінген автобус аударылып қалды

Бұл туралы аталмыш команданың Facebook желісіндегі ресми аккауынтынан хабарланды. Оқиға Венесуэла астанасы Каракас әуежайының маңында болды. Жоғарыдан төмен кететін жолда автобустың тежегіші ұстамай қалған, автобус апатты жағдайдағы көліктерге арналған жолаққа бұрылғанда көлік аударылған. Болған оқиға жөнінде жедел түрде Аргентинаның Венесуэладағы елшілігіне хабарланды. 

Жол апатының салдарынан екі футболшы Патрисио Торансо мен Диего Мендос және дене жаттығулары жөніндегі жаттықтырушы Пабло Сантелла ауруханаға жеткізілді. Қалған жолаушылар жеңіл жарақаттар алды.   

Ал, матч 1:2 есебімен аяқталып, «Уракан» командасы жеңіліп қалды. 

2016 жылдың 10 қаңтары күні әуесқой футбол командасы мен оның жанкүйерлері мінген автобус Мексиканың шығысындағы көпірлердің бірінен құлаған. Жолаушылардың арасында балалар да болған. Апаттың салдарынан кемінде 16 адам мерт болып, 10 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды, деп хабарлады lenta.ru.

Хабарламаларға жазылу