Геннадий Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен жұдырықтасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен жұдырықтасады

11.02.2016
Геннадий Головкин 23 сәуірде Доминик Уэйдпен жұдырықтасады

Кәсіпқой бокстан WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдарының орта салмақтағы чемпионы қазақстандық боксшы  Геннадий Головкин 23 сәуірде жекпе-жек өткізетінін ресми түрде мәлімдеді.

«Калифорниядағы «Форум» аренда жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Бұл  менің достарыма және жанкүйерлеріме тамаша сый болмақ. Уэйд – аш қарсылас, сондықтан, жанкүйерлерім жақсы кездесудің куәсі болады», - деп жазады Геннадий Головкин өзінің «Instagram» парақшасында.

Айта кетейік, 25 жастағы америкалық боксшы Доминик Уэйд кәсіпқой бокста 18 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 12 кездесуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал, Геннадий Головкин 34 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған (31 нокаут). 

Хабарламаларға жазылу