Астана қаласының бір орталықтан сумен қамтамасыз ету жүйесі су көтерудің 1 деңгейлі 2 сорғы станциясы, жалпы қуаты 300 мың м3/тәулік болатын су тазалау блогы, су көтерудің 2 деңгейлі 1 сорғы станциясы, 1199 км сумен қамтамасыз ету желілері, 111 кәріз сорғы станциясы, қуаты 136 мың м3/тәулік болатын кәріз тазалау құрылысынан тұрады.
«2015-2016 жж. жылыту маусымына дайындық аясында 17 км сумен қамтамасыз ету желілері қайта жөндеуден өткізілді. 2015 жылы «Талдыкөл сарқынды су жинақтаушысын жою жобасы» аясында 136 мың м3/тәулік көлемінде тазартылған ағын суды Есілге құю басталды», - деді Қ. Айтмұхаметов.
Бұдан басқа, «Қуаты 200 мың м3/тәулік көлемінде сорап-сүзгі станциясын қайта құру» жобасы аясында құрылғылар толық көлемде жеткізіліп, натрий гипохлоридін өндіру цехын салу жұмыстары басталды.
Айта кетейік, индустриалды парк пен ЖЭО-3 техникалық сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 14 км болатын Тельман кентіндегі сорап станциясынан техникалық су таратқыш пайдалануға берілді.