Астаналық Ұмтыл Зарыққан әдебиетке жуырда келсе де, тың ойларымен, соны ізденістерімен оқырман қауымға танылып үлгерді. Өлеңін өмірім деп білетін дарынның танымы да өзгеше.
«Ақынның жүрегін жарып шыққан өлеңі оқырманның көңілінен шықса, адамның жанын емдеуге, өмірді нұрлы етіп көрсетуге қызмет етеді»,-дейді ақын.
Ол көбінесе эпикалық сарындағы жырларға мән береді. Бұл оны өзгеден ерекшелеп тұратын қасиет. «Бозжусан бүр жарғанда» кітабы оның тырнақалды туындысы. Алдағы уақытта аға буынның жолын жалғап, көлемді шығармалар жазсам, дейді жас ақын.
«Шын мәнісіндегі қаламгер – өз заманының жыршысы деп ойлаймын. Біз көктен түскен жоқпыз, кешегілердің жалғасымыз, бүгінгі заманның иесіміз».
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.