ЕУРО-2016. Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Қазақстан-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016. Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Қазақстан-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді

08.02.2016
ЕУРО-2016. Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Қазақстан-Италия матчын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін Сербия астанасы Белградта футзалдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалдық ойындар басталады.
 
Жарыстың плей-офф кезеңіне алғаш рет Қазақстан Ұлттық құрамасы да жолдама алды. Енді еліміздің футзалшылары турнирдің екі дүркін чемпионы Италия құрамасымен кездеседі.
 
Бұл ойынды ертең, 9 ақпанда, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 01:50-де тікелей эфирде көрсетеді. Ойынның қайталауын 10 ақпанда «Kazsport» телеарнасынан сағат 21:40-та тамашалауға болады.
 
Сонымен қатар, ертең, 9 ақпанда, Ұлттық арна Ресей – Әзірбайжан ойынын сағат 23:20-да тікелей эфирде көрсетеді.
 
Онлайн: http://kaztv.kaztrk.kz/kz/online
 
#futsaleuro #kaztrk #futsaleuro2016 #futsal #euro2016 #Kazsport #KAZAKHSTAN #футзал #футзалевро2016

Хабарламаларға жазылу