«КазАгроҚаржы» далалық жұмыстарға қажетті техника бойынша өтініштерді қабылдауды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«КазАгроҚаржы» далалық жұмыстарға қажетті техника бойынша өтініштерді қабылдауды бастады

08.02.2016
«КазАгроҚаржы» далалық жұмыстарға қажетті техника бойынша өтініштерді қабылдауды бастады

Қаржыландыру шараларының жалпы ставкасы 14 пайыз және ол қосымша қамтамасыз етуді қажет етпейді. Жеңілдік мерзімі 1 жыл, деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі.  

Компания өкілдерінің айтуларынша, биыл өтініштерді қабылдау ерте басталып отыр. Мұның себебі аграрлық сала мамандарын техникалармен қамтамасыз ету жұмыстарына егін жұмыстары басталмай тұрып қамдану қажеттігін ескерту.

«Шаруашылық саласының өкілдері өтініштерді қарап, оларды мақұлдау қажеттігін, сондай-ақ қажетті техниканы  шетелден немесе Қазақстанның бір аймағынан екінші аймағына жеткізіп беру үшін айтарықтай уақыт қажет болатындығын түсінулері керек. Бір жағынан біздің міндетіміз - еліміздің далалық аймақтарына қажетті техникаларды егін жұмыстары басталатын кезде, уақытында жеткізіп беру»,-дейді Лизингілік жобалар департаментінің директоры Азамат Жалмағамбетов. 

Сонымен қатар, ол  Қазақстанда 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында пайыздық ставканы субсидиялаудың кезекті кезеңінің іске қосылатындығын мәлім етті.     

Хабарламаларға жазылу