Бұл туралы Кремльдің Баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді. Компаниялардың акцияларын сатып алғысы келетін шетелдік инвесторларға жол ашық деп атап өтті. Одан басқа да жекешелендірілетін ірі өндірістік компаниялар тізімдері жарияланды.
Жекешелендірілетін фирмалар:
Aeroflot әуе жолдары
Башнефть мұнай компаниясы
Роснефть мұнай компаниясы
Совкомфлот кеме компаниясы
Alrosa алмаз кенші компаниясы
ВТБ мемлекеттік банкі
Ресей темір жолдары
Ресей президенті В.Путин 7 мемлекеттік бизнес басшыларын жекешелендіру жобаларын талқылауғы шақырды.
Бұл тізім әлі де талқыланып жатыр. Бұған дейін Ресей тарихында жекешелендірудің жағымсыз зардаптары қалған.
1990 жылдары мемлекеттік активтер сатылған уақытта олардың барлығы тек елдің бай олигарх класының қолында қалған екен. Осы жолы да осындай қауіпті тәуекелдер бар.