Алматы метросының әр вагоны ультракүлгін сәулесі арқылы зарарсыздандырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы метросының әр вагоны ультракүлгін сәулесі арқылы зарарсыздандырылуда

04.02.2016
Алматы метросының  әр вагоны ультракүлгін сәулесі арқылы зарарсыздандырылуда

Тұмаумен күрес белсенді қолға алынды. Халық көп қатынайтын Алматыдағы метро жіті бақылауда. Зарарсыздандыру шараларын жүргізу мақсатында арнайы шам сатып алынған. Күн сайын таңғы уақытта әр вагон ультра күлгін сәулесі арқылы зарарсыздандырылып отырады. Бұл вируспен күресуге сеп болмақ.

«Ультра күлгін шамы кәдімгі кварц шамынан әлдеқайда қуатты. Бұл жолаушыларды тұмаудан қорғау үшін жасалынып жатқан шара»,- деді «Метрополитен» КМК дәрігері Гүлнар Сатыбалдина.

Сондай-ақ, «Метрополитен» қызметкерлері де бақылауда. Метрода тексеруден өткізетін 10 бекет орналасқан. Тұмау белгісі бар қызметкер жұмысқа шықпайды.

 

Хабарламаларға жазылу