ЕУРО-2016: Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы ойыны сәтсіз болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕУРО-2016: Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы ойыны сәтсіз болды

04.02.2016
ЕУРО-2016: Футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының алғашқы ойыны сәтсіз болды

Алма-кезек шабуыл кезінде ресейлік футзалшы Ромуло Қазақстан құрамасына бір минутта екі гол салып алға шықты. Бұл ойынның 12-минуты. Голдан соң Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау тайм-аут алып, шәкірттеріне ақыл-кеңесін берді. Сосын алаңға қақпашы Игита алға шығып, 13-минутта Қазақстан құрамасының ойыншысы Серік Жаманқұлов есепті қысқартты. Бұл - қазақстандықтардың Еуропа чемпионатында соққан алғашқы голы еді. Екінші таймда есеп ашылмады.

«C» тобында сынға түсіп жатқан Қазақстан құрамасы келесі ойынын 5 ақпан күні Хорватия командасымен өткізеді. Ойынды «Қазақстан» Ұлттық арнасынан сағат 23:20-да тікелей эфирде көре аласыз.

Айта кетейік, әр топтан 2 құрама біріншіліктің келесі кезеңіне өтеді. Сондықтан, келесі кезеңге шығу үшін Қазақстан құрамасы Хорватияны жеңу қажет.

Хабарламаларға жазылу