Ұлттық банк: Ұлттық валютадағы депозиттік салымдар 4,7 пайызға өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк: Ұлттық валютадағы депозиттік салымдар 4,7 пайызға өсті

03.02.2016
Ұлттық банк: Ұлттық валютадағы депозиттік салымдар 4,7 пайызға өсті

Еліміздің бас банкирі брифингте Қазақстан нарығындағы қаржылық ахуалдың бүгінгі жағдайы туралы әңгімеледі.

Төрағаның айтуынша, қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде 2016 жылғы 15 қаңтардағы жағдай бойынша банктерге 15 мың 810 өтініш берілсе, оның жалпы мөлшері 62 млрд. теңге болатын 10 мың 374 өтініші мақұлданған.

Оның ішінде, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша берілген өтінішдер саны 1408-ді құрап, 4,3 млрд. теңгенің 1000 өтініші мақұлданған. Мұнан бөлек, кездесуде Д.Ақышев ЕДБ-дегі депозиттердің көлемі 36,6 пайызға ұлғайғанын айтты.

«Ұлттық валютадағы салымдар 98,6 млрд. теңгеге дейін 4,7 пайызға өсті, шетел валютасындағы салымдар 216,5 млрд. теңгеге дейін 32,2 пайызға өсті», - деді Д.Ақышев. Сондай-ақ, бас банкир Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғарғы мөлшерін 10 пайыздан 14 пайызға дейін белгілеу жөнінде шешім қабылдап, шетел валютасындағы депозиттер бойынша мөлшерлеме 3 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілгенін атап өтті.

Айта кеткен жөн, Ұлттық банктің жеке тұлғаларға арнап шығарған жаңа депозиттік ставкалары теңге депозитіне деген қызығушылықты арттыру мақсатында жасалып отыр. Жиын соңында Ұлттық банк төрағасы журналистердің сауалдарына жауап берді.

Хабарламаларға жазылу