Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

03.02.2016
Бүгін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін, 3 ақпанда, Сербия астанасы Белградта футзалдан Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы халықаралық турнирді тікелей эфирде көрсетеді.

Осыған орай, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 23:20-да өтетін Ресей-Қазақстан матчын Ұлттық арна тікелей эфирде таратады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының тарихында алғаш рет Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Ел құрамасы ширек финалға берілетін жолдаманы Ресей және Хорватия құрамаларымен сарапқа салмақ.

«Қазақстан» телеарнасының көрермендері Қазақстан құрамасының топтық кездесулері мен плей-офф кезеңіндегі финалды қоса алғанда барлық матчтарды тікелей эфирде тамашалай алады.

Сонымен қатар, барлық трансляциялар келесі күні «Kazsport»  телеарнасында қайталанады.

  • Трансляциялар кестесі

Матч

Телеарна

Күні

Уақыты

(Астана)

1

Ресей - ҚАЗАҚСТАН

«ҚАЗАҚСТАН»

03.02.2016

23:20

2

ҚАЗАҚСТАН – Хорватия

«ҚАЗАҚСТАН»

05.02.2016

23.20

3

Бірінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

08.02.2016

23.20

4

Екінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

08.02.2016

01.50

5

Үшінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

09.02.2016

23.20

6

Төртінші ширек финал

«ҚАЗАҚСТАН»

09.02.2016

01.50

7

Бірінші жартылай финал

«ҚАЗАҚСТАН»

11.02.2016

23.20

8

Екінші жартылай финал

«ҚАЗАҚСТАН»

11.02.2016

01.50

9

Үшінші орын үшін матч

«ҚАЗАҚСТАН»

13.02.2016

23.20

10

ФИНАЛ

«ҚАЗАҚСТАН»

13.02.2016

01.50

 

Хабарламаларға жазылу