Анар шырынының пайдасы туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анар шырынының пайдасы туралы не білесіз? (ВИДЕО)

02.02.2016
Анар шырынының пайдасы туралы не білесіз? (ВИДЕО)

Дәрігерлер қыс мезгілінде анар жемісін жиі тұтынуға кеңес береді. Жемістің құрамында 15 түрлі амин қышқылы бар. Сондай-ақ, ол калориясы аз жемістердің қатарында.

Ғалымдар ашқарынға бір стақан анар шырынын ішу жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алатындығын айтады.

Жемістің құрамындағы калий қан қысымын төмендетіп, асқазан жұмысын жақсартады. Қандағы темірдің мөлшерін арттырып, сынықтың тез бітуіне көмектеседі. Диетеолог мамандардың айтуынша, анар шырынын балмен араластырып ішу бүйрек, бауыр, өт ауруларына ем.

Анар жемісінің бұдан өзге қандай пайдасы бар? Толығырақ «Таңшолпан» бағдарламасынан біліңіз. 

Хабарламаларға жазылу