Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы техникалар шығарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы техникалар шығарылады

01.02.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы техникалар шығарылады

Аталған компания жергілікті «Kaz Kioti» компаниясымен бірлесіп «Бадам» индустриялды аймағында еуропалық сападағы аспалы ауыл шаруашылық техникасын шығаруды жоспарлауда. Атап айтсақ, Ордабасы ауданындағы трактор зауытының базасында машина-трактор агрегаттары, тұқымсепкіш, қопсытқыш, бүріккіш, суару машиналары, минералды тыңайтқыштарды шашқыш және өнімді жинау техникалары сынды қосалқы техникалар шығарылады, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Бұл техникалар топырақты өңдеп, егіске күтім жасауға, жерді суаруға, сондай-ақ кейінгі егін өңдеу жұмыстарында пайдаланылатын болады. Айта кеткен жөн, аталмыш қосалқы техникалар бастапқыда құрастырылып, кейіннен өзімізде шығарыла бастамақ. Жобаның құны 1,1 млрд теңге құрайды. Жыл соңына дейін жүзеге асырыла бастайтын жобада 30 адам жұмыспен қамтылып, оның басым бөлігі жергілікті тұрғындардан тартылмақ.

Хабарламаларға жазылу