Қазақстан аумағы арқылы өтетін Қытай-Иран бағытындағы тұңғыш контейнерлік пойыз жолға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан аумағы арқылы өтетін Қытай-Иран бағытындағы тұңғыш контейнерлік пойыз жолға шықты

01.02.2016
Қазақстан аумағы арқылы өтетін Қытай-Иран бағытындағы тұңғыш контейнерлік пойыз жолға шықты

Салтанатты шараға Иву қаласының мэрі Шэнь Цзю Пинь мен Қытай темір жол әкімшілігінің басшылары, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Translnvest Group халықаралық логистикалық холдингінің өкілдері қатысты.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                Жаңа контейнерлік бағыт Қытай, Қазақстан, Түркіменстан, Иран темір жол әкімшіліктерінің бірлескен ұйымдастыру шараларының нәтижесінде жүзеге асырылды. Бұл жоба Шығыс Қытайдан Парсы шығанағы елдеріне жүктерді жедел жеткізуге арналған алғашқы логистикалық шешім болып табылады, деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Пойыз бағыты Қытай темір жолы, Алашаңқай-Достық шекаралық бекеті, Қазақстанының жаңа темір жол желісі (Жезқазған-Бейнеу, Өзен-Болашақ), әрі қарай Түркменстан желісімен Иранның Тегеран қаласына барады.

Пойыз құрамы аралас жүктер тиелген 40 футтық контейнерлерден тұрады. Бағыттың жалпы ұзындығы 9 мың шақырымнан астам. Құрғақтағы темір жолмен 10 тәулікте жүріп өтсе, ол аралықты теңіз арқылы 25-30 күн жүреді.

Қазақстанның жаңа көліктік-логистикалық инфрақұрылымы бағытын барынша қысқартып, жүкті жеткізу мерзімін жеделдетіп, Еуразиялық құрлықтағы аймақтық сауданың серпінді дамуына ықпал етеді.

Контейнерлік тасымалды дамыту - еліміздің транзиттік әлеуетін еселей арттырып, бәсекелестікке қабілеттілігін де көтере түседі.

Хабарламаларға жазылу