Ауа райы:Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы:Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

01.02.2016
Ауа райы:Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде әлі де фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын (көбінесе қар) түсіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейуі сақталады, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа рауы жауын-шашынсыз болады.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп, желдің күші 16-21 м/с болады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Ақмола, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде сырма жүреді.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен соққан жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде және таңертең бұрқасын күтіледі, күндіз желдің күші 18 м/с болады.

Хабарламаларға жазылу