Футболдан Қазақстан құрамасы Грузия және Қырғызстанмен жолдастық матч өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан Қазақстан құрамасы Грузия және Қырғызстанмен жолдастық матч өткізеді

29.01.2016
Футболдан Қазақстан құрамасы Грузия және Қырғызстанмен жолдастық матч өткізеді

2016 жылдың 29 наурызында Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузия футболшыларымен кездеседі. Ал, 30 тамыз күні сырт алаңда Қырғызстан құрамасымен ойнайды.

Қазақстан құрамасы Грузия футболшыларымен 2006 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде бір топқа түскен еді. Алматыда өткен ойында біздің футболшылар 1:2 есебімен жеңілсе, Тбилисиде өткен матч 0:0 есебімен аяқталды. Қазақстан мен Грузия құрамалары арасындағы соңғы матч 2013 жылдың 14 тамызында «Астана Арена» стадионында өтті. Сол кездесуде Сергей Хижниченко соққан голдан кейін Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан құрамасы Қырғыз футболшыларымен 7 жолдастық кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жетті. Ал, екі ойында жеңімпаз анықталмады. Екі елдің құрамалары арасында соңғы матч 2014 жылдың 5 қыркүйегінде «Астана Арена» стадионыда өткен еді. Сол ойында Қазақстан құрамасы 7:1 есебімен айқын жеңіске жеткен болатын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары 26 наурыз күні Түркияның Анталия қаласында жолдастық матч өткізетіні хабарланған еді. 

Хабарламаларға жазылу