Қазақстан әлемнің 50 инновациялық дамыған елінің қатарына енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әлемнің 50 инновациялық дамыған елінің қатарына енді

29.01.2016
Қазақстан әлемнің 50 инновациялық дамыған елінің қатарына енді

Съездің ашылу рәсімінде оған қатысушыларды құттықтаған Мемлекет басшысы еліміздің экономика саласында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өтті. 

«Нұр Отан» партиясы 17 жылдан бері қарай көшбасшы болып келеді. Осы жылдары Қазақстан экономика,  мемлекет пен қоғамды дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті.  Ұлттық экономикамыздың жалпы ауқымы 23 есе ұлғайды. Соңғы алты жылда бізде экономиканың 28 жаңа саласы пайда болды, 890 өндіріс іске қосылды. Бүгін бізде ешқашан өндірілмеген 400 жаңа өнім түрлері өндіріледі. 17 жылда жан басына шаққанда ЖІӨ Қазақстанда 20 есе өсті. Жалпы алғанда партияның алдыңғы сайлаудағы тұғырнамасын жүзеге асыру барысында қыруар жұмыс атқарылды. Халық алдында алынған міндеттемелер мен көздеген мақсаттар мерзімінен бұрын орындалды», - деп атап өтті Президент.

Елбасы, сонымен қатар, жаһандық, экономикалық ахуалдың қиыншылығына байланысты, өтіп жатқан дағдарысқа байланысты Қазақстанда Үкімет пен Парламент бірлесіп, қыруар жұмыс атқарғандығын еске салды.

Хабарламаларға жазылу