Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII съезі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII съезі өтуде

29.01.2016
Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XVII съезі өтуде

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы - «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс XVII съезі өтуде.

Жиынға екі мыңнан аса делегат қатысуда. Олардың қатарында республиканың барлық өңірлеріндегі конференцияларда сайланған делегаттар, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық холдингтердің, білім, ғылым, мәдениет және спорт қайраткерлері, қоғам, дипломатиялық корпус, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері бар.

Съезде партияның «Қазақстан - 2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты жаңа сайлауалды бағдарламасы қабылданбақ. Бұл партиялық құжат алдағы бес жылдағы дамудың негізгі бағыттарын айқындайтын болады.

Бағдарлама қабылданғаннан кейін 20 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына үміткерлердің партиялық тізімі бекітіледі.

 

 

Хабарламаларға жазылу