Талғат Мұсабаевтың ғарышқа борт командирі ретінде ұшқан сапарына биыл – 18 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Мұсабаевтың ғарышқа борт командирі ретінде ұшқан сапарына биыл – 18 жыл

29.01.2016
Талғат Мұсабаевтың ғарышқа борт командирі ретінде ұшқан сапарына биыл – 18 жыл

Ол ғарыштан қарап тұрып, өзінің қорғансыздығы мен сәулеге оранған Жердің сұлулығына таң қалыпты. Орбиталық станцияның люгін ашып, қуанышын жасыра алмай, «О, менің Қазақстаным!»,-деп айқайлап жібергені тарихқа айналып үлгерді.

Ол – өмірінің басты арманына қол жеткізе алған адам. 33 жасында жай ғана ұшқыш емес, жоғары пилотаждан КСРО чемпионы болды. Ал, 44 жасында ғарышкер атанып, халқымыздың атын әлемге әйгіледі.

1998 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан халықаралық экипаж ғарышқа аттанды. Ал, оны бастаған қазақтың қайсар ұлы Талғат Мұсабаев еді. Осы тарихи оқиғаға биыл 18 жыл толып отыр.

Талғат Мұсабаев тұңғыш рет  ғарышқа 1994 жылы ұшты. Алғашқы әуе сапарында  126 күн болып қайтты. Екінші сапары 1998 жылы басталды. «Союз ТМ-27» кемесінің борт командирі ретінде тұңғыш қазақ баласы аспанға көтерілді.

208 күн.  Осынша уақыт ғарышта болғаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына  бір айдың ішінде 5 рет – 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны жазылып алынды.

Жерге оралған соң Талғат Мұсабаевқа «Ерен еңбегі үшін» медалі берілді. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу