«2015 жылғы желтоқсан айында ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекі тізімі «Айтыс - импровизация өнері» аталымымен толықты.
Аталған аталым «Дәстүрлі домбыра күйін орындау өнері», «Қазақ және қырғыз киіз үйлерін жасаудың дәстүрлі білімдері мен дағдылары» аталымдарымен қатар ЮНЕСКО-ның жоғарыда аталған тізімінде үшінші аталым болды. «Ендігі кезекте Наурыз, Бүркітпен аң аулау және т.б. аталымдары жоспарланып отыр», - деп атап өтті министр.