Облыс басшысының құзырлы орган өкілдеріне берген тапсырмасы бойынша, биылғы жылы қант қызылшасы мен жүгері өндірісінің қарқынын арттыра түсу керек. «Ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге осы жылы 2 млрд. теңге қарастырып отырмыз. Осы қаржыны мақсатты түрде игеріп, суландыру жүйелерін қалпына келтіру ісін нәтижелі аяқтауымыз керек. Талдықорған қаласында және Еңбекшіқазақ ауданында жалпы саны 5 сүт-тауарлы фермасын саламыз. Оған қажетті барлық материалды осы өңірдегі құрылыс материалдарын шығыратын кәсіпорындардан алуды тапсырамын»,-деді А.Баталов.
Сондай-ақ мәжіліске қатысушыларды шағын, орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ірі қара етін экспорттау, қалдық өңдеу ісіне ерекше назар қажеттігін ескерткен облыс басшысы «Өткен жылы жақсы жұмыс жасадық. Солай екен деп тоқмейілсіп отыруға болмайды. Биылғы жылғы атқаруға тиіс міндеттеріміз бен жетуге тиісті межеміз өткен жылғыдан да жоғары. Сондықтан, барлық істі бірлесіп жүзеге асырамыз деп сенемін, - деді.