Түрік археологтары Моңғолиядан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрік археологтары Моңғолиядан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты

26.01.2016
Түрік археологтары Моңғолиядан 1300 жыл бұрынғы саусақ іздерін тапты

Бұл туралы археологиялық зерттеу жұмыстарының жетекшісі түркиялық профессор Ахмет Ташагыл TIKA-ның баяндамасында мәлімдеді.

«Біз бірқатар археологиялық жаңалықтарды аштық. Алайда, олардың ең елеулісі 1300 жыл бұрын бедерленген саусақ іздерін тапқанымыз. Бұл өте қызықты тарихи жаңалық», - дейді профессор Ахмет Ташагыл.

Тоныкөк ескерткіші Түркі әлемінің тарихындағы ең ежелгі мұраның бірі. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған археологиялық жұмыстарды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында аймаққа 11 шақырым тасжол салдырған.

Сондай-ақ, Тоныкөк ескерткішінің маңайына музей салу жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу