Астана әкімдігіндегі мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері қатаң бақылауда болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімдігіндегі мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері қатаң бақылауда болады

25.01.2016
Астана әкімдігіндегі мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері қатаң бақылауда болады

Жаңа лауазымды қызметті тағайындау ең алдымен әкім аппараты жұмысының тиімділігін арттыруға және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Әділбек Жақсыбеков бұған дейінгі аппарат отырыстарында әкімдіктің барлық қызметкерлері өз жұмысында мемлекеттік қызметшінің жаңа Әдеп кодексін басшылыққа алуы тиіс екендігін атап өткен болатын. Енді осы нормалар сақталмаған жағдайда кез келген азамат Әдеп жөніндегі уәкілге жүгіне алады.

Заңға сәйкес, Р. Бекқадамов азаматтарды қабылдауды өз бетінше жүргізеді. Сонымен қатар, жаңа институтты енгізу Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаментпен және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы департаментімен өзара әрекет етудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгін сондай-ақ, Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Ғ. Молдаш 2015 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары туралы баяндады. Баяндама соңында қала әкімі өзінің орынбасарларына жетекшілік ететін салалар бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Бұл ретте қаланы абаттандыру және өмір-тіршілігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау күн тәртібіндегі басты мәселелер болып қала береді. Астана әкімі халықпен кері байланыс орнатуға ерекше назар аударып, бұл жағдай ұдайы жетілдіріліп отыруы тиіс екенін ескертті.

Өткен аптада «Есіл» және «Алматы» аудандары әкімдерінің халық алдында есеп беру кездесулері басталды. Осы аптада «Сарыарқа» ауданында есеп беру кездесулері өтеді. Аудандық әкімдіктер мен қалалық басқармалар кездесулерде көтерілген мәселелердің барлығын міндетті түрде өздерінің күнделікті жұмыстарында ескеретін болады.    
 

Хабарламаларға жазылу