Вьетнамның солтүстігінде ерекше суық ауа райы қалыптасып отыр. Ұлттық гидрометеорологиялық орталықтың хабарлауынша, елдің солтүстігіндегі бірқатар аудандарда өткен тәуліктерде ауа температурасы нөлден төмендеді. Сонымен қатар, тропикалық климат үшін ерекше жағдай – қар жауды. Лаокай, Лайчау, Хазянг, Лангшон провинцияларында 10 см метр қар жауды.
Табиғаттың тосын сыйы аймақтың ауыл шаруашылығы саласына материалдық шығын келтіруі мүмкін деген болжам бар. Өйткені, мұнда қар астында гүл бақтары мен көкөніс плантациялары қалды. Вьетнам астанасында жексенбі күні ауа температурасы +5,4 градус болған.
Бұл соңғы 40 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деді Вьетнам гидрометцентрі директорының орынбасары Ле Минь Хай.
Синоптиктердің болжамдары бойынша, елдің солтүстігіндегі суық ауа райы әлі екі-үш күн сақталады, деп хабарлады Ресейдің ТАСС агенттігі.