Шоколадтың неден жасалатынын білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шоколадтың неден жасалатынын білесіз бе?

25.01.2016
Шоколадтың неден жасалатынын білесіз бе?

Оны нақты кім ойлап тапқаны белгісіз. Тек ең алғашқы шоколадты тұрмыста Оңтүстік және Орталық Американың үндістері пайдаланғаны туралы жазбаларда кездеседі.

Олар какао-бобты қуырып, үгітіп сумен араластырған, соңынан оған чили бұрышын қосатын болған.

XIX ғасырға дейін шоколад өте қымбат десерт болып есептелген. Себебі, оны жасауға қажетті заттар өте қымбат еді.

Шоколадтың көп бөлігін, әрине какао-боб алып жатыр. Бірақ, оның өз дәмі жағымсыздау болғандықтан фабрикаларда олар арнайы өңдеуден өтеді. Какао-бобтың мөлшері мен қолданылу әдісіне қарай шоколадтар түрге бөлінеді.

Сонымен қатар, шоколадқа шекер, тәтті дәмдеуіштер, иістендіргіштер және әртүрлі компоненттер (вафли, жаңғақ, мейіз, т.б.) қосылады.

Сізде ақ шоколад қайдан пайда болды деген сұрақ туындап отырған болар?

Жалпы, шоколад ащы, сүтті және табиғи ақ болып бөлінеді.

Ащы шоколадта үгітілген какао-боб, шекер үгіндісі және какао-май бар. Какао-бобтың мөлшері қаншалықты көп болса, соншалықты ол ащы әрі пайдалы болады.

Сүтті шоколадқа ащыға қосқанның барлығын және оған ерекше дәм беріп тұратын құрғақ сүтті қосады.

Ақ шоколадтың құрамында какао-боб болмайды.Оның құрамы какао-май, шекер және құрғақ сүттен тұрады.

Шоколадтың қысқаша жасалу тарихы осындай!

Хабарламаларға жазылу