Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Арсенал» - «Челси» матчын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Арсенал» - «Челси» матчын тікелей эфирде көрсетеді

23.01.2016
Ертең «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Арсенал» - «Челси» матчын тікелей эфирде көрсетеді

Ертең, 24 қаңтарда, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Ағылшын Премьер-Лигасының 23 турындағы «Арсенал» - «Челси» кездесуін тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл матчта «Арсенал» футболшыларының «Челсиге» 1-ші айналымдағы жеңілістің есесін қайтаруға тырысары сөзсіз. Себебі, 2015 жылдың 19 қыркүйегі күні «Челси» өз алаңында 2:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Алайда ойын матч нәтижесімен емес «ақсүйектердің» шабуылшысы Диего Костаның «зеңбірекшілердің» қорғаушысы Габриэл Паулистаны арандатып, соңғысының алаңнан қуылуымен есте қалған еді.

Сондай-ақ, «Арсеналдың» «Челсиді» АПЛ аясында 2012 жылдың көктемінен бері жеңе алмай келе жатқаны да ойын көрігін қыздыра түсері анық.

Командалардың қазіргі жағдайына келер болсақ, 22-ші турдан кейін «Арсенал» 44 ұпаймен турнир кестесіндегі 1-ші орында тұрса, «Челси» соңғы алты кездесудің бірде-бірінде жеңілмегеніне қарамастан бар болғаны 14 сатыға орналасқан.

Трансляция Астана уақытымен кешкі 21:50-де басталады.

Сонымен қатар, «Kazsport» телеарнасы 18:35-те «Норвич Сити» - «Ливерпуль», 20:50-де «Манчестер Юнайтед» - «Саутгемптон» және 23:20-да «Вест Хэм Юнайтед» - «Манчестер Сити» матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу