Үндістанда селфи жасауға тыйым салынатын аймақтар анықталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда селфи жасауға тыйым салынатын аймақтар анықталуда

23.01.2016
Үндістанда селфи жасауға тыйым салынатын аймақтар анықталуда

Үндістанның Мумбай қаласының полицейлері селфи жасауға тыйым салынған аймақтарды белгілей  бастады. Жақында бұл елде жартас үстіне шығып селфи түсірмек болған бір топ қыздың Аравия теңізіне құлап кету оқиғасы тіркелген.  

Олар шың басына өрмелеп шығып, суретке түсу кезінде салмақ тепе-теңдігін сақтай алмай қалған. Жергілікті тұрғынның көмегімен зардап шеккен үш қыздың екеуі құтқарылады.

Тыйым салынған аймақтарға селфи түсіру кезінде қайғылы оқиғалар тіркелген өзге де қауіпті орындар кіреді, деп жазады computerra.ru.  

Хабарламаларға жазылу