Президент Ақмола облысының әкіміне аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты міндеттер жүктеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ақмола облысының әкіміне аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты міндеттер жүктеді

21.01.2016
Президент Ақмола облысының әкіміне аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты міндеттер жүктеді

Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өңірдің қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде облыстар арасында өзара тауар алмасуды күшейту қажеттігін, сол мақсатпен әр өңірде өндіріс пен тұтыныс теңгерімін жүргізу керектігін атап айтты.

Ақмола облысының әкімі 2015 жылы өнеркәсіп өндірісінің нақты көлемі 6,9 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімдері 2,1 пайызға, құрылыс жұмыстары 6,1 пайызға өскенін жеткізді.

С.Кулагин өңірде азық-түлік тауарлары бағасының өсімін тежеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Индустрияландыру картасының жүзеге асырылу барысы туралы да баяндалды. Соңғы екі жылда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 63,6 миллиард теңге болатын 21 жоба іске қосылып, 1,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар, Астананың «азық-түлік белдеуі» аясындағы перспективалы жобалар талқыланды.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Хабарламаларға жазылу