«Қазақстанның үздік әйелдері» байқауы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның үздік әйелдері» байқауы басталды

20.01.2016
«Қазақстанның үздік әйелдері» байқауы басталды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «EXPO&WOMEN» Халықаралық ұйымы» Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстанның үздік әйелдері» байқауын ұйымдастыруда.

Шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның дамуына әйелдердің қосқан үлестерін бағалау, әйелдер қауымының бастамалары мен маңызды жобаларға қоғамды тарту, сонымен қатар, олардың саясатта, басқаруда және бизнестегі рөлдерін жоғарылату.

www.expoandwomen.com интернет желісінде «Қазақстанның үздік әйелдері» байқауының виртуалды алаңы құрылады.  Байқау ұйымдастырушыларының айтуынша, байқау арқылы EXPO-2017 көрмесіне халыққа қызмет көрсету, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру, кәдесый бұйымдарын дайындау салаларындағы көшбасшыларды анықтауға болады.

Жеңімпаздар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында марапатталады.

Аралық нәтижелер 8 наурыз қарсаңында қорытындаланып, IX Астаналық экономикалық форумы аясында өтетін «Қазақстан әйелдерінің Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қосар үлесі» конференциясында жарияланады.

«EXPO&WOMEN» барлық қызмет салалары қамтылатын 25 аталым белгілеуді ұсынады.

Аталымдардың  алдын ала тізімі:

1)      Ғылым және техника жаңашылдары (ғалымдар,жаңашылдар және өнертапқыштар);

2)      Кәсіпкерлік;

3)      Банктік қаржылай сала;

4)      Мемлекеттік қызметкерлер,  дипломатиялық корпус;

5)      Парламенттік, партиялық және саяси  қызмет, ұлттық дипломатия;

6)      Әскери, әлеуетті және құқыққорғау құрылымдарының қызметкерлері, заңгерлер, қорғаушылар ;

7)      Қоғамдық қызмет және әлеуметтік инновация ;

8)      «Жасыл» экономика, тұрақты даму;

9)      Ағарту ісі мен педагогика,  тұлғаны қалыптастыру;

10)    Еңбек ардагерлері;

11)  Фермерлік және шаруа қожалығы басшылары;

12)  Көпбалалы аналар;

13)  Денсаулықта сақтау, медицина қызметкерлері;

14)  Құрылыс пен ТКШ;

15)  Халықтық қолөнер;

16)  Туризм;

17)  Филантропия мен қайырымдылық ұйымдастыру, меценаттық;

18)  Журналистика,  публицистика және әдебиет;

19)  Өнер мен көркем сурет;

20)  Дизайн,  архитектура, мүсін;

21)  Спорт,  чемпиондар мен  бапкерлер;

22)  Музыка және кино.

Хабарламаларға жазылу