Шымкенттегі «Магнум» сауда желісінде қазақстандық тауарлардың көлемі артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкенттегі «Магнум» сауда желісінде қазақстандық тауарлардың көлемі артты

20.01.2016
Шымкенттегі «Магнум» сауда желісінде қазақстандық тауарлардың көлемі артты

Мұндағы сатылатын өнімдердің 37 пайызы қазақстандық тауарлар болса, аталған сауда белгісінің республикадағы желісінде отандық өнімдердің үлесі 47 пайызды құрайды. Әсіресе, мұндағы әлеуметтік маңыздағы өнімдер жергілікті кәсіпкерлердің қолынан шыққан тауарлар.

Сауда үйінің сөрелеріне отандық өндірушілерді қолдау мақсатында «Қазақстанда жасалған» сауда белгілері ілініп, еліміздің өсіп-өркендеуіне шама-шарқынша үлес қосуда. Сауда кешенінде тұтынушылар арасындағы сұранысқа ие заттар құны нарықтағы орташа бағадан 5 және одан да көп пайызға төмен. Бұған өнім жеткізушілерімен тікелей жұмыс істеу және сауда айналымының жоғары болуы есебінен қол жеткізілген, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

2014 жылдың қазан айында ашылған сауда кешені сапалы әрі балғын азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық тауарлардың 15 мыңға жуық аталымын ұсынып келеді. Соның нәтижесінде, дүкенге күнделікті 3,5 мыңға жуық сатып алушы келіп, олар ұсынған науқандық 50, тіпті 70 пайыздық жеңілдіктерді пайдалануда. Мұнда жаңа өнімдермен бірге, әлеуметтік маңызды тауарларға да жеңілдіктер ұсынылады. Бұл табыс деңгейі әртүрлі сатып алушыларға ыңғайлы сауда

Хабарламаларға жазылу