2015 жылғы әлем бойынша туристердің саны рекордтық деңгейге жетіп, 4,4 пайызға өскен. Халықаралық туристік ұйымның мәліметінше, Еуропа, Азия аймақтары мен Оңтүстік, Солтүстік Америка, Таяу Шығыста туризм 3 пайызға өссе, Африкада керісінше 3 пайызға төмендеген.
Саяхатшыларды қабылдау жағынан ең үлкен көрсеткішке Қытай, АҚШ пен Ұлыбритания жеткен. Келесі жылы да дағдарысқа қарамастан, әлемдегі туристік саяхат көлемі төрт пайызға өседі, деп жоспарлануда.