Павлодар қалалық соты мемлекеттік тілдегі үздік сот хаттамасын анықтайтын байқау өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қалалық соты мемлекеттік тілдегі үздік сот хаттамасын анықтайтын байқау өткізді

19.01.2016
Павлодар қалалық соты мемлекеттік тілдегі үздік сот хаттамасын анықтайтын байқау өткізді

Аталмыш сайыс Павлодар қалалық сотының төрағасы Т.Б.Тағажайдың ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – хатшылардың кәсіби деңгейін арттыру, жұмыс міндеттерін адал атқарғаны үшін ынталандыру, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін үздіксіз жетілдіру.


Байқауға жұмыс өтілі үш айдан асқан сот отырысының хатшылары қатысты. Сот хатшыларының жұмысы мен мемлекеттік тілде жазылған сот мәжілісінің хаттамаларын судьялардың құрамынан тұратын комиссия бағалады.

Бағалау барысында хаттаманы сауатты дайындау, іс жүргізу құжаттарының Қазақстан Республикасының азаматтық іс-жүргізу кодексінің нормаларына сәйкестігі басты назарға алынды.


Байқау қорытындысы бойынша «Үздік сот мәжілісінің хатшысы» аталымын қалалық соттың бас маманы А.Т.Матаубаева, «Мемлекеттік тілдегі үздік сот мәжілісінің хаттамасы» аталымын Г.К.Мөсенова лайықты деп танылды.

Жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді, деп хабарлайды Павлодар қалалық сотының баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу