Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі орнатылады

19.01.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі орнатылады

Жиын барысында хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов Ассамблея жылындағы атқарылған іс-шараларды қорытындылай келе, 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарларымен таныстырды.

Сонымен қатар, осы жылы атқарылатын іс-шаралардың барлығын «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» аясында, бекітілген желілік кестеге сәйкес өткізу жоспарланғандығы айтылды. Жиынға қатысушыларды желілік кестедегі Ассамблеяға қатысты іс-шаралармен кеңінен таныстыра отырып, меңгеруші Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге белсене атсалысуға шақырды.

Жиын барысында сөйлеген Түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов Елбасы Жарлығымен бекітілген 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, Оңтүстік өңірін мекендеген 100-ден астам этнос өкілдерінің атынан «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументін орнату жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтты.

Аталған монумент «Қоғамдық келісім» мекемесіне берілген бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры маңына орнатылмақ, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу