Ал кепілдендіру құралы жалпы құны 0,75 млрд. теңге 50 жобаға берілді. Соның арқасында жеке кәсіпкерлік субъектілері 1,6 млрд. теңге болған жеңілдетілген несиеге қол жеткізді. Оның ішінде 19 кепілдендіру құралын старт-ап жобалар пайдаланып, жұмыс бастады. 16 кепілдендірілген жоба ауылдық аймақта жүзеге асуда.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының арқасында жеке кәсіпкерлік субъектілерінің саны арта түсті. Бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар бағдарламаға қатысушылардың арасында ауылдық аймақтағы кәсіпкерлер саны артты.
«Даму» қоры «Бастамаларды қолдау» қоғамдық бірлестігі жүзеге асырып жатқан «Шағын бизнес – үлкен мүмкіндіктер» бағдарламасының сәтті жұмыс істеуіне үлес қосты. 13 ауылдық кәсіпкер өздерінің инклюзивті және инновациялық бизнес жобаларының табысты бизнеске айналуы үшін кепілсіз және пайызсыз несие алып жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.