Ләззат Сүлеева: Ұлу шырышының косметикалық пайдасы мол (ВИДЕО)
Ұлу шырышының бет күтіміне пайдасы мол. Косметолог Ләззат Сүлеева ахатин ұлуларын жұмыртқа кезінен өсірген. Бет терісіне қоймас бұрын ұлуларды бөлме температурасында жылы сумен жуу қажет.
Ұлу шырышының құрамында коллаген, гликоль қышқылы, табиғи антибиотиктер мен дәрумендер бар. Олар беттің әрін келтіріп, әжімді кетіреді. Денеге түскен тыртықтарды, безеудің, жараның орнын емдейді. Күйген теріні қалпына келтіреді. Сонымен қатар, жүйке жүйесін тыныштандырып, күйзелістен арылтады.
Ең бастысы, ұлу шырышы аллергия туғызбайды.
Жарты сағатқа созылған массас тек төртінші күні нәтиже бере бастайды. «Ал, толық нәтижеге жету үшін емдеу курсынан 10-15 рет өту қажет», дейді мамандар.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абай облысында 1 шақырымнан астам аумақ тазартылды
16.04.2026, 20:28
Сенек ауылында құм көшкінін тоқтату үшін 5 мыңға жуық сексеуіл мен жүзген егілді
16.04.2026, 20:26
Семейде жылу орталығының құрылысы басталды
16.04.2026, 20:24
Түркияда халықаралық парламент ассамблеясының 152-отырысы өтіп жатыр
16.04.2026, 20:22
«Әділет» партиясы тіркелу үшін Әділет министрлігіне құжат өткізді
16.04.2026, 20:21
Сыртқы істер министрлігі қажылыққа баратын Қазақстан азаматтарына ескерту жасады
16.04.2026, 20:20
Таяу Шығыстағы соңғы ахуал
16.04.2026, 20:17
Дүниежүзілік банк Қазақстанның экономикалық бастамаларын қолдауға дайын
16.04.2026, 20:17