Баспана мәселесі шешімін тауып келеді. Тек өткен жылдың өзінде құрылыс саласының өсімі 4,3 пайызды құраған. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы аумағы 2014 жылмен салыстырғанда 18,9 пайызға артып, шамамен 9 млн шаршы метрге жетті.
Қазір барлық аймақта халықты пәтермен қамту мәселесі ретке келуде. Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің бой көтеруі Алматы, Қызылорда облыстары мен Астана қаласында біршама жоғары болған.