Астанада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылды

15.01.2016
Астанада 800-ге жуық бейнебақылау камерасы орнатылды

2015 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен 210-нан астам қылмыс ашылып, 42,7 мың әкімшілік құқық бұзушылық, 17 мыңнан астам ЖҚҚ бұзу жағдайы анықталды.

Қазіргі уақытта елордада Жедел басқару орталығына қосылған 790 астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Сондай-ақ, бейнебақылаумен 395 қиылыс, 63 тұрғын орамы және 126 алаң, гүлбақтар мен саябақтар қамтылған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу