Енисей өзенінен осыдан 20 жыл бұрын мерт болған екі адамның денесі салынған көлік табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енисей өзенінен осыдан 20 жыл бұрын мерт болған екі адамның денесі салынған көлік табылды

15.01.2016
Енисей өзенінен осыдан 20 жыл бұрын мерт болған екі адамның денесі салынған көлік табылды

«Құтқарушылар жоспарлы оқу-жаттығу жұмыстары кезінде Красноярскіде Енисей өзенінің Абакан аймағында су түбінен бір ер азамат пен әйел адамның денесі бар Mitsubishi Galant автокөлігін тауып алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлікте 1957 жылы туған ер азамат пен 1965 жылы туған әйел адам болған»,-деп хабарлады Красноярскінің Мемлекеттік тергеу басқармасының баспасөз қызметі.   

Тергеушілер қаза болған азаматтардың туыстары олардың жоғалып кеткендіктері туралы 1995 жылы іздеу салған деген болжам айтып отыр. Қазіргі таңда бұл ақпарат тексерілу үстінде. Мерт болған азаматтардың денелерінен қандай да бір күш көрсетудің белгілері байқалмайды. Болған оқиғаның барлық жағдайлар тексерілуде, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

 
    

 

 

Хабарламаларға жазылу