Аталған компаниялар медицина, қару-жарақ, машина жасау және өзге де өндіріс салаларында қолданылатын нәзік және дәл бөлшектерді жасап шығарумен айналысады.
Сапардың басты мақсаты - өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, жергілікті кәсіпкерлермен байланыс орнату. Түрік кәсіпкерлері облыс әкімінің орынбасары С.Тұяқбаевпен кездесіп, аймаққа инвестиция салу мүмкіндігі мен бірлескен жобалар құрудың жайын талқылады.
Делегаттар «Karlskrona» және «Дезфумэкс» компанияларының өндірісімен танысып, жергілікті компаниялармен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.
ОҚО-ға сапары кезінде кәсіпкерлер «Оңтүстік» және «Қазақ-түрік» индустриялды аймағының жұмысымен танысты.