Оның сөзінше, мерзімінен бұрын сайлау өткізу қазір өте өзекті. Бұл дағдарыс кезінде қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Сондай-ақ 2016 жылы елде маңызды деген шаралардың бірі - Ұлттық жоспарды жүзеге асыру міндеті тұр. Оның талапқа сай болуы үшін электоралды кезеңді бүкіл жыл бойына созудың қажеті жоқ. Осы тұрғыдан алғанда, Мәжіліс сайлауының жылдың басында өтуі маңызды әрі дер кезінде қолға алынған деген ойдамын»,-деді басқарма төрағасы.