Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция ұйымдастырылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция ұйымдастырылуда

13.01.2016
Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай арнайы акция ұйымдастырылуда

Баспасөз мәліметтерінде Тараз қаласында өткен шараға Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының қызметкерлері және аймақтық ассамблеяның ғылыми -сараптамалық тобы, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатыстындығы айтылған.  

Жалпыреспубликалық жобаны Мемлекет басшысы, ҚХА төрағасы Н.Назарбаев ұсынды, ол Ұлт жоспарының төртінші «Біртектілік пен Бірлік» бөлімінде көрсетілген.


Кең көлемді акцияға еліміздің әрбір азаматының қатысуға мүмкіндігі бар және ол Қазақстан халқының ынтымағын арттыруға үлес қосады.

Акция барысында 35 ірі іс-шара өткізу жоспарланған. Оның ішінде ҚХА халықаралық медиа форумы, көп сериалды деректі фильмдер шығару. Сонымен қатар, отбасылық құндылықтарды сақтау мақсатында әр түрлі байқаулар өткізіледі.

Хабарламаларға жазылу