«Тар кезең» - бүгінгі қазақ прозасының құнды қазынасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тар кезең» - бүгінгі қазақ прозасының құнды қазынасы

13.01.2016
«Тар кезең» - бүгінгі қазақ прозасының құнды қазынасы

Қажығали Мұханбетқалиұлы - Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі тұңғыш тарихи роман авторы. Оның  қаламынан туған «Тар кезең» шығармасы бүгінгі қазақ прозасының құнды қазынасы. Туындыны дүниеге әкелу үшін қаламгер ұзақ жылдар бойы ізденіп, өмірінің төрттен бір бөлігін арнаған.

«Бұл шығармаға 20 жылдан астам уақыт кетті. Романды жазу барысында архив материалдарын кеңінен пайдалану керек болды. Мен аяқ жетер жердегі біраз архивтердегі материалдарды қарадым. Оның үстіне  өзім де жеке зерттеу мақалалар жаздым. Кемінде 10-15 материал жарық көрді»,-дейді қаламгер.

Төрт томнан тұратын «Тар кезең» романы ақ патшаның бұратана халықты ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған кезеңін суреттейді.  Ал, романның басты кейіпкері отарлау саясатына қарсы шығып, империялық үстемдікпен күрескен Сырым Датұлы.

Шығарманың әр томы сол кезеңдегі түрлі тарихи шындықты анық та қанық көрсете алғандығымен ерекшеленеді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу