Жуырда «Көксерек» мультфильмі эфирге шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жуырда «Көксерек» мультфильмі эфирге шығады

12.01.2016
Жуырда «Көксерек» мультфильмі эфирге шығады

Жуырда студия Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» туындысы желісінде түсірілген үлкен жобаны аяқтаған болатын.

«Бұл идея ғалым, теолог Қайрат Жолдыбай ағамыздың ұсынысы бойынша басталды. Мұхтар Әуезовтың ұлы суреткер екені белгілі. Қаламгердің шығармалары сырға толы. Осыны балаларға мультипликация арқылы жеткізу басты мақсат болды»,-дейді Мейіржан Сандыбай.

«Мультфильм 2D форматында түсірілген. Технологиясы қарапайым. Негізгі жұмыс – орындаушы топта.  Студиямызда 5 маман жұмыс істейді. Аниматор, сценарист, режиссер мамандар бар. Біз ізденіс барысында шетелдік үлкен студиялардың принципі бойынша жұмыс істейміз».

«Көксеректі» дайындаған кезде 3 мыңнан астам сурет салдық. Туынды жақын күндері көрерменге жол тартады».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

 

 

Хабарламаларға жазылу