Қызылорда жастары кәсіпқой боксшы Қанат Исламмен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда жастары кәсіпқой боксшы Қанат Исламмен кездесті

11.01.2016
Қызылорда жастары кәсіпқой боксшы Қанат Исламмен кездесті

Қанат Ислам - WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы, орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі, әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері, Қытайдың 10 дүркін чемпионы.

Кездесу барысында кәсіпқой боксшы Қанат Ислам жүріп өткен өмір жолдары мен спорт әлемінің айшықтарымен бөлісті. Облыс жастары спортшымен ойларында жүрген көкейтесті сұрақтарымен алмасып, былғары қолғап шеберлерінің спорт саласындағы еңбектері жөнінде ой түйіп тарқасты. Кездесу соңында Сыр жастары Қанатқа естелік сыйлық табыс етіп, алғысын білдірді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.  

 

 

Хабарламаларға жазылу